KZ

Атырауда қызылша шұбаты деген жаңа сусын пайда болды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Атырауда "Софмайя" қызылша шұбатын ойлап тапты. 

31-арнаның хабарлауынша, ғылымдағы бұл жаңалықты авторлары бірден патенттеп алған. Сусынның құрамына қызылша мен түйе сүті кіреді. Қызылша шұбатын жасау технологиясы өте қарапайым.

Қызылша концентратына пайдалы микроағзалар мен түйе сүтін қоссаңыз жеткілікті. Бұл қоспа қант сіңіру қасиетіне ие, сондықтан, жаңалық авторларының пайымдауынша, сусынның қант диабетіне шалдыққандарға беретін шипасы мол. 

Сусынның атауы оның екі авторының есімдерінен құралған: София Сағындықова мен Майя Шұғаева. 

"Софмайя" өндіріс желісінің құны – 400 мың доллар. С. Сағындықова қазір сусын туралы семинарлар жүргізу үшін Дүниежүзілік банктің 3,5 млн теңге көлеміндегі грантын ұтып алған. Ал "Софмайя" өндірісін іске қосуға авторлардың қаражаты тапшы.

 

 

Новости Казахстана
Атырауда қызылша шұбаты деген жаңа сусын пайда болды
Mailfire view pixel