KZ

Меккеде мешіт босағасына жарылғыш зат детекторлары орнатылады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Сауд Арабиясының басшылығы мұсылман әлеміндегі ең басты қасиетті орын – Меккенің Масджид әл-Харам мешітіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді қолға алып, оның босағасына металл мен жарылғыш зат детекторларын орнату жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Newsru.com. 

Қазіргі уақытта мешітке келген қажыларды тінту жұмыстарымен бірнеше ауысымға бөлініп, 180 адам айналысуда. Олардың қолдарында қару мен жарылғыш зат анықтайтын заманауи құралдар жоқ, деп жазады The Guardian. 

Мұсылман қауымның қадір тұтатын Қағбасы орналасқан қасиетті мешіттің қауіпсіздігіне жауап беруші Фаваз ас-Сахафидің айтуынша, металл мен жарылғыш зат детекторларын орнату жұмыстары басталып кеткен. 

Сонымен қатар ол мешіт ішіндегі адамдар қозғалысына бақылау орнатуды ұсынып отыр. Оның ойынша, бұл міндетті әскери киім киген қаупсіздік қызметінің қызметкерлері атқаруы керек. Негізгі міндеттердің бірі – мешіт ішіне тыйым салынған тағам енгізуші қажыларды анықтау. 

 

Новости Казахстана
Меккеде мешіт босағасына жарылғыш зат детекторлары орнатылады
Mailfire view pixel