KZ

Сексуалды құлдықтан құтқарылған қыздарға қауіп төніп тұр (видео)

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алматыда жеңгетай уысынан құтқарылған қыздарға қауіп төніп тұр.

Заң торына түскен Қуандық деген қылмыскердің жақтастары жәбірленушілерді кек қайтару үшін іздестіріп жатқан көрінеді. Күдіктінің ісі сотта қаралып жатыр. Бірақ, жемқор жүйе жезөкшелікке пана бола алмайды деп шырылдайды жәбірленушілер. Сондықтан олар бұл істі қоғам қадағаласа екен деп отыр. 

Жазира жүзін жасыруға мәжбүр. Ол - Қырғызстаннан Алматыға жақсы жұмыс іздеп кеп, жезөкшелікке жегілгендердің бірі. Оны Қуандық Өзекбаев деген азамат тән бизнесіне байлап, күнделікті 40 мыңмен 70 мыңның арасында пайда табуға міндеттепті. 

ЖАЗИРА АДАМ, САУДАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ:

- 6 жыл Сайн-Жұбановадағы "Маргарита" қонақ үйінде жұмыс істедім. Үтікпен ұрады, оқтаумен ұрады.

Құдыретты Қуандық қолына маталған 60 қызды тән саудасынан бөлек күңдікке салған. Қорасын тазалатып, сиыр сауғызған. Бұндай азапқа төзбеген қыздардың бірі қашып шығып, полицияға шағымданған. 

Қыздарды қырып салған Қуандық құрықталып, ісін қазір Қарасай аудандық соты саралап жатыр. 

ЖАЗИРА АДАМ САУДАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ:

- Бізбен бірге ұсталды.

Жазира адам саудасын кәсіп еткендер жаза алмай, соттан жиі сытылып кетеді, содан қорқамыз дейді. Біздегі жемқор жүйені ескерсек, таң қалуға болмайды. Сондықтан олар бұл іске үкіметтік емес ұйымдардың араласуын сұрап отыр. Қазір Қуандықтың жақтастары кек алу үшін жәбірленушілерді іздестіріп жатыр деген дерек бар. 

ҒАЗИЗА ЖАЙСАНБАЕВА, "РОДНИК" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Ақшаға деген құмарлық қару-жарақтан кейін 2- орынға шығып отыр.

Жалпы жыл басынан бері республика бойынша адам трафигіне қатысты 196 қылмыстық іс қозғалыпты. Тірі тауарға айналғандардың 14-і кәмелет жасқа толмағандар. Ал, 21 адам бұл бизнесті кәсіп еткен. Заң құрығына түскен 120 жеңгетай жазаланғанымен, жағдай оңалады деу қиын. Ол үшін әр азамат өзінің құқықтық сауатын арттыру қажет. 

Новости Казахстана
Сексуалды құлдықтан құтқарылған қыздарға қауіп төніп тұр (видео)
Mailfire view pixel