KZ

Оралманды қазақша сөйлегені үшін жұмысынан қуып шықты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Соңғы кездері елімізде қазақ тілінде сөйлеген жұмысшыларына жәбір көрсететін басшылар жиі бой көрсетіп қалып жүр. 

Осындай оқиғалардың бірі Қызылжарда орын алды. Жеке компанияда істейтін азамат "қазақша сөйлеме" деген басшылықтың ескертуін елемеймін деп, ақыры жұмысынан айырылып қалды. 

Манарбек Қасымов өткен жылы Ресей­ден тарихи Отанына оралған болатын. Өзі­нің ескі "ГАЗель" жүк көлігін ала келген ол қаладағы жеке компаниялардың бірінде тауар тасымалдаушы болып еңбек еткен. Төрт баланың әкесі жақында нәпақасын айы­рып отырған жалғыз жұмысынан шы­ғып қалды.

Манарбек бәріне компания қой­масының меңгерушісі Любовь Редер есімді әйелді кінәлап отыр. Оның қызметі қала дүкендеріне қажетті азық-түлікті са­нап беру ғана емес екен. Ол тауарларды жет­кізушілердің тікелей басшысы болған, яғни кімді жұмысқа алып, кімді шығару қа­жет­тігін өзі білген. 

Қойма меңгерушісіне жігіттердің жұ­мыс­та өзара қазақ тілінде әңгімелесетіндері ұнамаған көрінеді. Бірнеше рет ескерту жасаған, дауыс көтерген кездері де болған екен. Бірақ жігіттер өз тілдерінде тіл­де­су­лерін тоқтатпаған. Айтқанын істете алмаған бастық қазақ жігіттерінен ақырындап құ­ты­ла бастаған. Алғашқылардың бірі болып ана тілін ашық қорғаған Манарбек Қа­сы­мов жұмыстан шықты.

Манарбек Қасымов, оралман:

– Ресейде тұрған 40 жыл ішінде сүйек­тен өтетін мұндай ауыр сөзді ешқашан естімеп едім. Енді, міне, өз елімізде тұрып, ана тілімізде сөй­ле­ге­німіз үшін кінәлі болып шықтық. Нағыз намысқа тиетін нәрсе ғой! "Қазақша сөйлеспеңдер" деп үнемі тыйым салып келді. Тыңдамадық. Ақыры әртүрлі сыл­таулар тауып, жұмыстан шығарып жіберді. 

Манарбек Қасымов компания бас­шы­ла­рының үстінен сотқа арыз бермекші болған. Бірақ оның алдын орап кетіпті. "Егер сотқа арыз берсең, достарыңды да жұмыстан шығарамын" деп қорқытқан. Бірге істеген қазақ жігіттеріне зияны тиер деген ол жұмыстан өз еркімен кеткендігі жө­нінде өтініш жазуға мәжбүр болған.

Манарбектің айтуынша, қойма меңгерушісі қазақша сөйлегіш тағы екі жүргізушіден де жұмыстан шығу жөнінде өтініш жаздырып алған екен. Тек ай-күнін қоймаған. Яғни олар ана тілдерінен бас тартпайтын болса, қа­лаған сәтте оларды да қуып жібере ала­ды деген сөз. 

Новости Казахстана
Оралманды қазақша сөйлегені үшін жұмысынан қуып шықты
Mailfire view pixel