KZ

Пугачеваның немересі қазақстандық қалыңдығының ата-анасымен танысты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алла Пугачеваның үлкен немересі Никита Пресняков жазғы демалысын Қазақстанда өткізіп, онда сүйген ғашығы Аида Қалиеваның ата-анасымен танысты, деп жазады "Твой день".

Демалыс күндері қос ғашық Алматыдағы отбасылық демалысқа арналған танымал дем алу кешенінен күніне 280 доллар тұратын люкс нөмірін жалдап тұрды.

Никита мұнда сүйіктісінің ата-анасымен танысып, олар Алла Борисовнаның немересін ұлттық тағамдар әзірлеп, ет асып қарсы алды.

Аиданың ата-анасымен танысу Никита үшін оңайға соққан жоқ. Себебі шығыс сұлуының әкесі – қатаң тәртіп пен ұлттық салт-дәстүрді ұстанатын адам.

Ол бастапқыда қызының әйгілі жұлдызды отбасы мүшесімен көңіл қосқанына қатты алаңдаған болатын. Уақыт өте келе оның алаңдаушылығы сейілгенге ұқсайды.

"Мен Аида жөнінде ешнәрсе айта алмаймын! Қызым – үлкен адам, өзінің жеке өмірі бар", - деді Қалиев журналистерге берген сұхбатында.  

Новости Казахстана
Пугачеваның немересі қазақстандық қалыңдығының ата-анасымен танысты
Mailfire view pixel