KZ

Ыстық көлде отандасымызды соққыға жыққан топ ұсталды (видео)

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қырғызстанның құзырлы органдары да күдікті үш адамды қамауға алыпты.

Отбасының жалғыз асыраушысы 32 жастағы тепсе темір үзер жігіт бүгін де әл үстінде ес-түссіз жатыр. Қайғылы оқиға өткен сенбіден жексенбіге қараған түні Шолпон-ата қаласындағы "Рахат" шипажайында болған. Жеті жігіттен құрылған қарақшы топ Ерлан Баймахановты аяусыз соққыға жығады.

Жәбірленушінің 8 мың сомы, ұялы телефоны мен жеке куәлігі қарақшылардың қолында кеткен. Ал жапа шеккен қазақ турисі аса ауыр халде жергілікті ауруханарардың біріне жеткізіледі.

Новости Казахстана
Ыстық көлде отандасымызды соққыға жыққан топ ұсталды (видео)
Mailfire view pixel