KZ

13 жасар өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген азамат ұсталды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында өзінің 6 сыныпта оқитын өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген азамат ұсталды.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, тәртіп сақшыларына бұл оқиғаны қыздың анасы жеткізген.

Арнайы тексеру барысында мәлім болғанындай, Зырянов қаласының 41 жастағы тұрғыны өзінің 6 сыныпта оқитын 13 жасар өгей қызын 2009 жылдан бері өз үйінде зорлап келген.

Өгей әке қызына болған оқиғаны біреуге жеткізген жағдайда оны өлтіретінін айтып қорқытқан. "Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық әрекет бойынша іс қозғалды", - деді Н.Ораз. 

Новости Казахстана
13 жасар өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген азамат ұсталды
Mailfire view pixel