KZ
Мұқағали жырлары қытай тілінде жарық көрді

Мұқағали жырлары қытай тілінде жарық көрді

Расcказать Вконтакте

"Жерсу" компаниясының қолдауымен Мұқағали Мақатаевтың жырлары қытай тілінде жеке  кітап болып шықты. 

Бұл  туралы 29-шілде күні Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында  өткен "Жаһандану және Мақатаев әлемі" деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім болды.

"Қытайда енді жыл сайын қазақ ақын-жазушыларының қытай тілінде 5-6 аударма кітаптары шығарылмақ.

Сондай-ақ қытай ақын-жазушыларының үздік шығармаларын да қазақ тіліне аударып баспақпыз.

Бұл екі елдің арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамыту мақсатында қолға алынып отыр", - дейді Қайша Тәбәрік.

Қытайдан арнайы келген аудармашының айтуынша, Мұқағали жырларын оқыған қытайлық оқырман қазақ әдебиетіне зор қызығушылық білдіруде.

Тіпті кейбір Қытай ғалымдары Мұқағалиды түсінуге біздің біліміміз жетпейді деп мойындап, Мұқағали әлемінің тереңдігін еріксіз мойындауға мәжбүр болған.

Сондықтан олар да енді қазақтың арғы-бергі ақын-жазушыларының ең үздік туындыларын 1,5 миллиард халқы бар Қытай еліне танытуға ерекше ынталы болып отыр.

 

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel