KZ
Астанада ақ қан дертіне шалдыққан бала өз ойыншықтарын қайырымдылықпен сыйға тартты

Астанада ақ қан дертіне шалдыққан бала өз ойыншықтарын қайырымдылықпен сыйға тартты

Расcказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні төрт жыл бұрын ақ қан дертіне шалдыққан жеті жасар Ибрагим Ташухаджиев өз ойыншықтарын "Үнсіз әлем" есту мүкісі бар адамдарды қолдау қоғамдық қорына қайырымдылықпен сыйға тартты, деп хабарлайды "BNews.kz" АА. 

"Ибрагимнің ісі – біздер үшін, үлкендер үшін үлгі. Қайырымдылықты кез келген адам жасай алады.

Рамазан айы – тек қана тамақтан бастарту емес, біздің көмегімізге зәру адамдарға назар бөліп, адамгершілік танытатын уақыт", - деп ескерді "Үнсіз әлем" ҚҚ төрағасы Мария Төлепбергенова.

Ибрагимнің анасы Хава Гойгова жалғыз өзі үш бала тәрбиелеп отыр.

Баласының ауыр дертіне қарамастан, отбасы жақсылықтан үмітін үзіп отырған емес және Алланың көмегіне сенеді. 

"Ибрагимнің диагнозын естігеннен кейін біздің өміріміз күрт өзгеріп кетті. Тек бір Аллаға деген сеніміміз бізге күш беріп отыр. Біз баламыз екеуміз Аллаға көп сыйынамыз. Ұлым Алланың көмектесетініне сенімді. Менің үлкен қызым "Үнсіз әлем" ҚҚ-да қызмет істейді. Оның мүгедек балалар жайлы әңгімесін естіген ұлым сол балалармен өз ойыншықтарымен бөлісу жөнінде шешім қабылдады. Біз қорға хабарластық, олар қуанып, басқаларға үлгі ету үшін акция ұйымдастыруды ұсынды", - деді Х. Гойгова.

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel