KZ
Әлемдегі ең үздік мейрамхана жабылды

Әлемдегі ең үздік мейрамхана жабылды

Расcказать Вконтакте

Соңғы бірнеше жыл бойы әлемдегі ең үздік мейрамхана саналып келген испаниялық "Эль Булли" мейрамханасы келушілерге соңғы рет дастархан жайды. 

Сонымен қатар, дәстүр бойынша, мейрамхана қызметкерлері туыстарын жинап, кешкі ас өткізеді.

Сол астың мәзірі құпия сақталуда.

Барселонадан үш сағаттық жерде орналасқан мейрамхананы жабу - иесі әрі әлемдегі ең үздік аспазшылардың бірі саналатын 48 жастағы Ферран Адрияның шешімі.

Ол "Эль Булли" негізінде қор мен аспаздық университет құратынын айтады.

27 жыл бойы жұмыс істеген мейрамхана 5 мәрте әлемдегі ең үздік 50 мейрамхана тізімін басқарып келді. Оны 800 аспазшы, мейрамхана сыншылары мен осы саладағы сарапшылардың пікіріне негізделіп, "Ресторан" журналы жариялайды. "Эль Булли" ерекше мейрамхана болатын.

Мұндағы аспазшылар бұрын бір бірімен үйлеспейді деп саналған өнімдерді қосып, тағам дайындайтын. Мысалы, "Эль Буллиде" ғана жеміс қосылған қоян еті мен сұйық азотпен өңделген ризотто дайындалатын. 

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel