KZ
Рамазан айында Қазақстанда бүкіл кафе-ресторандарды жабу керек пе?

Рамазан айында Қазақстанда бүкіл кафе-ресторандарды жабу керек пе?

Расcказать Вконтакте

Сауалдаманы бастар алдында барша Мұсылман халқын Ораза айының басталуымен құттықтаймыз. 

Рамазан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде барлық мекемелердің жұмысшылары діни көзқарастарына қарамастан қысқартылған жұмыс күні бойынша істейді.

Сонымен қатар Мубарак Рамазан айының құрметіне онда барлық ресторандар мен кафелер жабылып, темекі шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынады.

Бұл айда дүкендердің жұмыс уақыты да қысқартылып, қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі шегуге тыйым салынған. 

Қазіргі таңда елімізде мұндай ереже жоқ.

Дегенмен шілденің ортасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлі Рамазан айында сауда орындарында алкогольдік ішімдіктер сатпауға шақырған.

Осыған орай кейбір қазақстандықтар қасиетті Рамазан айында елдегі бүкіл кафе-ресторандарды жауып, ішімдік пен темекіге тыйым салу керектігі туралы айтқан. 

Сіз осымен келісесіз бе? 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel