Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология министрлігі Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан арудың видеосына пікір білдірді

Опубликовано:

Қайыңдыда матраспен жүзген қыз
Видеодағы кадр: facebook.com/dildakhmet

Экология, геология және табиғиресурстар министрлігі Алматы облысындағы Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан арудың видеосына қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева өзінің Facebook парақшасында жазба жариялап, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тәртіпті бұзуға болмайтынын ескертті.

"Әкімшілік жауапкершілікке тартылудан бөлек, оқыс оқиғалар да орын алуы мүмкін. Қоршаған ортаға, оның қайталанбас көріністеріне зиян келтірудің қажеті не?. Мысалы, әлеуметтік желілерде тарап жатқан Қайыңды көлінің ортасындағы видео туралы айтайық. Бар болғаны бір әдемі кадр үшін адам табиғатты сыйламайтынын көрсетіп тұр. Бүгінде инспекторлар бейнеролик авторларына қатысты құқықбұзушылық құжаттамасын дайындауда. Бұл әділ шешім деп есептеймін. Мұндай іс-әрекеттердің жолын кесу керек" , - деді ол.

Сонымен қатар, экология министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Туристік маусым басталуда. Біздің Қазақстанда әдемі жерлер өте көп. Қазақстанның табиғатына жетер нәрсе жоқ. Соңғы жылдары біз елімізді өзіміз үшін жаңа қырынан ашып жатқанымыз қуантарлық жағдай. Бірақ, барлығымыздің ортақ міндетіміз - қабылданған шаралар мен ережелерді сақтау. Табиғатымызды қорғайық! Өз ісімізбен өскелең ұрпаққа үлгі болайық" , - деді Ибраева.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан арудың видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға қалған болатын. Бойжеткеннің әрекеті қазақстандықтардың ашуына тиді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907975-ekologiya-ministrligi-qaiyndy-kolinin-ortasynda-matrasta-zatqan-arudyn-videosyna-pikir-bildirdi/

pixel