Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақыға қатысты маңызды ақпарат жарияланды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлеу жүйесіне қатысты маңызды ақпаратты жариялады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2018 жылы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы әрбір адамның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке-дара тағайындалады. Осы жүйеге сәйкес, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. Осылайша, зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болған жағдайда немесе мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын (19 мың теңге шамасында - ред.) құрайды. Ал 10 жылдан асқан әр жыл үшін 2 пайыз қосылады.

"Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 74 пайызы, 30 жыл – 94 пайызын, 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100 пайыз жоғары мөлшерінде белгіленеді. Егер бір ай ішінде мемлекеттік зейнетақы жарналары бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды", - дейді министрлік мамандары.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, адам зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін соғұрлым көп алады.

Ресми мәліметке көз жүгіртсек, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде зейнеткерлердің жалпы саны 2 миллион 247 мың адам болды. Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 100 163 теңгені құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1907860-zeinetaqyga-qatysty-manyzdy-aqparat-zariyalandy/

pixel