Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде енесін өшіріп тастаған Жұлдыз Әбдікәрімова оны туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қайрат Нұртастың жары ажырасып кеткені жайлы қауесеттерден соң енесін туған күнімен құттықтап, оған өз тілегін жолдады. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Гүлзира Айдарбекова бүгінде әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз енесін түнде арнайы барып құттықтамаса да, өз ақ тілегін Instagram арқылы жеткізген.

"Келіп жеткен жаңа жасыңыз құтты болсын, деніңізге саулық, шаңыраққа амандық тілеймін. Ұзақ ғұмыр, баянды бақыт бұйырсын! Туған күніңізбен" , - деп жазған Әбдікәрімова.

Айта кетерлігі, жұлдызды ене мен келіні әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп тастаған. Оның үстіне Қайрат Нұртас та жарына тіркелмеген.

Жұлдыз Әбдікәрімова бұған дейін ажырасуына қатысты түрлі қауесеттерден мезі болып, оларға нүкте қойған еді. Актриса халықтың толассыз хабарламаларынан кейін жолдасы Қайрат Нұртастың асханада тамақ ішіп отырған видеосын жариялады.

Еске сала кетейік, күні кеше хитменнің анасы Гүлзира Айдарбекованың туған күні өтті. Белгілі продюсер 53 жасқа толған. Шоу-бизнес өкілінің құрбылары алғашқылардың бірі болып құттықтап, оған естен кетпес тосын сый ұйымдастырған.

Қайрат Нұртастың анасы туған күні қалай басталғанын Instagram желісінде қалың көпшілікке көрсеткен. Шоу-бизнес өкілінің құрбылары түнгі сағат он екіден кейін оны гүл шоқтары мен сыйлықтарға көмкеріп, өз ақ тілектерін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1907661-zelide-enesin-osirip-tastagan-zuldyz-abdikarimovany-ony-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel