Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионы 400 келілік түйені көтеріп, көпті таңғалдырды (фото, видео)

Опубликовано:

Түйе көтерді11
Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Шымкентте атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай спорттық шара өтті. Оның барысында қол күрестен Қазақстан және Азия чемпионы Темір Спатаев салмағы 400 келі болатын түйені көтеріп, елді тәнті етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақтың даңқты балуаны, күш атасы - Қажымұқан атамыздың 150 жылдығына осы рекордымды арнаймын", - дейді спортшы.

Айта кетейік, Темір Спатаев - қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, сондай-ақ Қазақстанның 5 дүркін чемпионы.

Одан бөлек бірнеше дүркін рекорд иесі. Ол Францияда, Германияда, Өзбекстанда және Ресейде өнер көрсетіп жүр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай елорда маңындағы Қажымұқан ауылында өткен спорттық шарада Сергей Цырульников таға майыстырудан әлемдік жаңа рекорд орнатқан еді.

Ол 37 секундта 4 темір тағаны майыстырған. Айта кетерлігі, спортшы майыстырған тағалар қарапайым ат әбзелдеріндегідей емес. Мұнда голландиялық тағалар қолданылған. Оның әрқайсысы салмағы бір тоннаға дейін жүк көтереді.

"Калибрленген, мөлшері 8-ден 22 миллиметрге дейін. Түсінікті болу үшін бұл – голландиялық тағалар. Біз қолданатын тағалар емес. Олар әлемдегі ең мықты тағалар болып есептеледі. Бұған дейінгі әлемдік рекорд литвалыққа тиесілі. Ол бір минутта тек екі тағаны майыстырған. Біздің спортшы 37 секундта 4 тағаны майыстырды", - дейді қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1907361-aziya-cempiony-400-kelilik-tuieni-koterip-kopti-tangaldyrdy-foto-video/

pixel