Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орталық Азияда баламасы жоқ: Түркістанда "қазақстандық Венеция" ашылды (фото, видео)

Опубликовано:

Керуен сарай11
Фото: instagram.com/russyasensei

10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті деп хабарлайды primeminister.kz.

Инвестициялық жобаны "Turkistan Tourism City" компаниясы іске асырған, кешеннің құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталған еді.

Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 га аумақта орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді.

Керуен сарай11
Фото: primeminister.kz

Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуы өткізіледі.  

"Керуен-сарай" кешенінің Орталық Азияда баламасы жоқ және мамандар оны Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестиция тартатын басты орталыққа айналдыруды көздеп отыр.  

"Керуен-сарай" кешенінің ашылу салтанатына премьер-министр Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты.

Керуен сарай19
Фото: primeminister.kz

Сонымен қатар үкімет басшысы Түркістандағы Қазақ музыкалық драма театрына және облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана барды.

Сондай-ақ ол Түркістан қаласында басқа да инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907350-ortalyq-aziyada-balamasy-zoq-turkistanda-qazaqstandyq-veneciya-asyldy-foto/

pixel