KZ

Тараз оқытушылары журналистермен төбелесті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушылары "Қазақстан" телеарнасының журналистерімен төбелесті, деп хабарлайды Business Resource 31 арнаға сілтеме жасап. 

Телеарнаның хабарлауынша, жақында ғана лицензиясынан айырылғанына қарамастан, тараздық ЖОО студенттерді қабылдауын тоқтатпаған.

Жоспар бойынша, бұл ғимаратта Елбасының тапсырмасымен АЙТИ-колледж ашылу керек болатын.   

"Қазақстан" телеарнасының түсіруші тобы аталған мәселенің анық-қанығына жетпекші болып университет іргесіне енгенде аталған оқу орын ұстаздары түсініктеме берудің орнына төбелес ашқан.

Тіпті жеті айлық аяғы ауыр БАҚ қызметкерін де аямапты.  

Телеарна тілшісінің сөздерін 31 арна келтіріп отыр: "Мұнысы аздай, сұхбат сұрай барған бізге күш көрсетіп, апаратурамызды сөзге келместен сындырды" - дейді ұлттық арнаның жергілікті меншікті тілшісі Елена Молчанова.

ЕЛЕНА МОЛЧАНОВА, ҚАЗАҚСТАН ҰА МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ:

- Біз алғашында  өзіміздің кім екенімізді, аты-жөнімізді айтып таныстырдық, алайда оқытушылар бізді тыңдағысы келмей, ректор, ешкім де жоқ кетіңдер деп дөрекілік танытып шығарып салды. Онымен қоймай, университет территориясының сыртында камерамызды сындырды. Біздер полиция қызметкерлерін шақыртуға мәжбүр болдық.

Қазір бейнекамера қалалық полиция бөлімшесінде дәйекті зат ретінде жатыр. Оқиға бойынша, әкімшілік іс қозғалды. Ұлттық арна тілшілері  білім ордасы қызметкерлерінің мұндай іс-әрекетке барғанына сенер емес.

Болашақ мамандарға тәлім-тәрбие, білім беретін,  беріп жатқан ұстаздарымыздың кейпі міне осындай болғаны. Мұны көріп, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың  әлі де ауыздықталмай жатқанына не қайыр. Осылайша, Таразда тұңғыш ІТ колледжі ашыла ма, жоқ па ол да белгісіз болып отыр.

ЖОМАРТ ҚОШҚАРОВ,  ІТ- КОЛЛЕДЖІНІҢ  ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: 

- Белгілі бір бюрократиялық машина бар. Кейде осы машинадан өту қиынға соғады. Бірақ біз 1- тамызға қарай колледжге студенттерді  қабылдауды бастаймыз деп отырмыз.  Бұл колледж элиталы  болуы қажет.  Өйткені бұл оқу орны Елбасы тапсырмасына сәйкес ашылмақ. Сондықтан біз ең алдымен Елбасының реформаларын жүзеге асыруымыз қажет. 

Олар сот арқылы келтірілген моральдық шығын үшін өтемақы талап етуде. Жамбыл облысында репартерлерді бірнеше рет соққыға жыққан болатын, алайда ұстаздардың мұндай өнері алғашқы рет байқалып тұр.

"Әділ сөз" ҚБ мәліметтері бойынша, Қазақстанда соңғы екі айда журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру бойынша 200-ден астам факті тіркелген. 

Новости Казахстана
Тараз оқытушылары журналистермен төбелесті
Mailfire view pixel