Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес миллион оқырманы бар парақшасынан айырылған отандық блогер өксіп жылады

Опубликовано:

Әлия блогер
Фото: Әлия Байтуғаеваның Instagram-дағы қосымша парақшасынан

Желіде "Супер мамасита" есімімен танымал блогер бес миллион оқырманы бар аккаунтынан айырылып қалды. Бұл жаңалықты естіген жұлдыз келіншек қатты қайғырған. Желі қолданушылары оның жақын адамы қайтыс болған кісідей өкіріп жылағанын жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол жаңадан ашқан парақшасына өксікке толы видеосын жүктеді.

"Жаңа ғана аккаунтымды қайтармайтынын білдім. Бес жыл... Мен тіпті мұны қабылдай алмаймын. Мүмкін емес, сене алмай отырмын", - деп еңіреп жылады Әлия Байтуғаева.

Белгілі болғандай, танымал блогердің аккаунты бұғатталып қалған. Блогер парақшасын соңына дейін қайтарып алудан үмітті болғанын айтады. Алайда ол 7 наурызда блогының өзіне кері берілмейтінін білген.

"Түсінемін, соңғы уақытта мен тек жылаумен болдым. Көңіл-күйім жоқ, депрессиядамын. Қазір басымнан өтіп жатқан жайт маған қатты әсер етіп отыр. Сіздер тіпті елестете алмайсыздар (менің күйімді). Аккаунтыммен күнделікті жұмыс істейтінмін, күніне 35-40 сторис түсіремін, аудиторияға ұнаса екен, қызық болса екен дейтінмін.

Жарайды, аккаунтқа салынған ақша туралы айтпай-ақ қойдым. Мен тіпті оған қанша ақша салғанымды айтуға қорқамын. Үлкен ақша. Ақшасы да құрысын. Мен блогымды қимаймын. Оған мен жанымды салып едім. Онда адамдар отырды. Тіпті ол табыс табу үшін де емес еді.

Күнкөрісіме жететін ақшам бар. Бұл жағынан уайымдамаймын. Жай ғана блогымның өзін қимай отырмын, қанша уақыт, қанша күш, қанша шығармашылығым жоқ болды. Менімен бірге жұмыс істеген адамдардың жұмысы да келмеске кетті. Көмекшілерімнің, менеджерлерімнің, барлығының... Мен сенбей отырмын", - деді ол Телеграм каналында.

Әлия Байтуғаева өзін жұбатуға тырысқан оқырмандарға сөз арнады.

"Әр адам бұл өмірде өзін табады. Біреу тігіннен, біреу бизнестен. Біреуге тамақ пісірген, тұшпара түйген ұнайды. Маған адамдармен әңгімелесу ұнайтын. Мен соны жақсы көремін. Маған адамдарға бір жаңа нәрселерді көрсеткен ұнайтын. Мені "бұл жай ғана блог, көңіл күйіңді түсірме, есіңді жи деп жазып жатқан адамдардың сөздері мүлде әсер етпейді. Мені ешкім жұбата алмайды. Анам да, күйеуім де. Жылағанымнан жалықсаңыздар, мені оқуды доғарыңыздар, мен сіздерге ештеңе бере алмаймын", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902415-bes-million-oqyrmany-bar-paraqsasynan-aiyrylgan-otandyq-bloger-oksip-zylady/

pixel