Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы феминистер шеруіне үш жүз адам жиналды (фото, видео)

Опубликовано:

Феминистер шеруі
Алматыдағы феминистер шеруі. Фото: NUR.KZ

Алматыда феминистер шеруі өтті. Іс-шара Ганди саябағынан басталды. Плакаттардағы ақпаратқа сәйкес, қыз-келіншектер жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық бап және әйелдерді ұрып-соғуды доғаруды талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Митингке үш жүз адам жиналды, деді "Феминита" қазақстандық феминистік ұйымының белсенді өкілі Гүлзада Сержан.

Оның айтуынша, шеруге қатысушылар бұл шара туралы әлеуметтік желілер арқылы білген, сонымен қатар кеше өзін-өзі қорғау курстары ұйымдастырылған, қыздар плакаттар дайындауға қатысты.

Феминистер шеруі
Алматыдағы феминистер шеруі. Фото: NUR.KZ

"Бүгінгі іс-шара Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын сақтауға арналған, яғни біз әртүрлі әйелдер туралы және бәріміздің тең құқығымыз бар екені туралы айтатын боламыз. Әркімнің өз принциптерін көрсетіп, өз құқықтарын қорғауға мүмкіндігі болуы керек", – деді Сержан.

Феминистер шеруі
Алматыдағы феминистер шеруі. Фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, іс-шара жайлы жариялаған бойда қоқан-лоққы басталды. Қыздарды ұрамыз деп қорқытты, ал желіде ЛГБТ митингісі өткізіліп жатыр деген қауесет пайда болды.

"ЛГБТ адамдары бұл күнді әйелдерден тартып алатындай озбыр емес. Міне, Алматы қаласының әйелдері мен басқа қалалардан келген қонақтар. Жас жігіттер де қатысады, оның ішінде ерікті де бар. Олар достарын қолдауға келеді", – деді Гүлзада Сержан.

Феминистер шеруі
Алматыдағы феминистер шеруі. Фото: NUR.KZ

Феминистер шеруі
Алматыдағы феминистер шеруі. Фото: NUR.KZ

Феминистер шеруі
Алматыдағы феминистер шеруі. Фото: NUR.KZ

"Бізге гүл емес, зорлық-зомбылық туралы заң керек", "Ұрса, түрмеге отырады", "Мықты, ақылды – бұл әйелдер туралы, "еркек" деген атыңды сал, "Еңбекақы теңсіз төленсе, 40 мысықты қалай асырауға болады?", "Қорғама, қолда", – делінген көптеген плакатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902377-almatydagy-feminister-seruine-us-zuz-adam-zinaldy-foto-video/

pixel