Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазағымның жеңісі": Қазақстандық қыз Қытайдың үздік студенті атанды

Опубликовано:

Жаннұр Ниязбекова
Жаннұр Ниязбекова. Фото: instagram.com/zhannur_niyazbekova

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Жаннұр Ниязбекова 1990 жылы Қызылорда облысында өмірге келген. Ол Қытайдағы Northwest A&F University-де ветеринариялық медицина мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр.

Студенттің айтуынша, ол осыдан 3 ай бұрын Қытайдың президенттік стипендиясының иегері атанған екен.

"Енді міне бүгін екінші қуанышыммен де бөлісіп отырмын. “Қытайдың ең үздік студенті” иегері болдым. "Қытайдың ең үздік студенті" дәрежесін алу Қытай студенттерінің өзге түгілі өзіне зорға бұйыратын дүние. Ол үлкен еңбекті қажет етеді, екінің бірі иелене алмайды.

Қытайға алғаш келгенімде бір пәкістандық жігіт осы дәрежені алып жатқанын көріп, бұрын қазақ студенттерінен ешкім алмағанын естіп, онда мен бұны екі жылдан кейін аламын, алғашқы қазақ боламын, әәй жүлде күт мені деген болатынмын. Айтқанымдай жүлде мені күтіп, маған биыл бұйырыпты", - дейді Жаннұр.

Оның сөзінше, аталмыш жүлдеге құжат 3 ай бұрын қабылдана бастапты. Жаннұрға құжат тапсыруға ұстаздары кеңес берген.

"Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар" деген осы шығар. Бірді емес миллардты жеңгенім менің ғана емес қазағымның жеңісі деп білемін. Рақмет саған туған жерім, рақмет саған туған елім, рақмет саған қазақ елім!", - дейді студент.

Сонымен бірге ол келесі жылы докторлықты қорғайтынын да хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1902342-qazagymnyn-zenisi-qazaqstandyq-qyz-qytaidyn-uzdik-studenti-atandy/

pixel