Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда көпқабатты үйдің кіреберісінде жүрген жабайы түлкінің видеосы пайда болды

Опубликовано:

Түлкі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсіп қалды деп жазады Lada.kz.

Басылымның жазуынша, жануар 6 наурызда 34 шағын аудандағы "Сандықтас" тұрғын үй кешенінен табылған.

Оның подъезге қалай тап болғаны беймәлім.

Видеоға сүйенсек, жабайы жануардың шығатын жерді іздеп, қабырғаға жақындағаны көрінеді. Ролик авторы түлкінің көшеге шығуына көмектескен.

"Біреудің оны пәтерінде ұстап, түлкінің қашып кетуі немесе оны әдейі сыртқа шығаруы мүмкін емес. Егер бұл соңғы үй болса, онда жануар жапан түзден қарны ашып келген болуы ықтимал", - дейді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес мекемесінің жетекшісі Кирилл Осин.

Еске сала кетсек, бірер күн бұрын Қарағандыда жергілікті тұрғындар белгісіз адамдардың көлік ішіне арыстанды салып, тасымалдаған фотосын жариялаған еді. Кадрларда жыртқыш аң көліктің терезесінен қарап отырады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның Facebook парақшасында мәлімдеуінше, арыстан жергілікті хайуанаттар бағына тиесілі.

"Алайда оны көліктің артқы орындығына отырғызып тасымалдауға рұқсат берілмеген. Аталған факті бойынша инспекторлар тиісті тексеру жүргізу үшін ІІД арыз жазды", - деп хабарлайды ол.

Сонымен бірге Ибраева ведомствоның елде хайуанаттар бағы болмауы тиіс деп есептейтінін мәлімдеді. Айтуынша, мұның салдары адамдар үшін де, аңдарға да қауіпті болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902339-aqtauda-kopqabatty-uidin-kireberisinde-zurgen-zabai-tulkinin-videosy-paida-boldy/

pixel