KZ

Ақтөбе балықшысының қармағын мәйіт қапты

Расcказать Вконтакте

Ақтөбе су қоймасына балық аулауға барған зейнеткердің қармағына адамның бас сүйегі іліккен.

Ал тәртіп сақшылары су қоймасы бұрынғы қорымның орнына салынған.

Сондықтан мұнда кез келген адам, сүйек қаңқаларын кездестіре алады деп отыр. 

Ерболат  Сарқұлов - ОІІД баспасөз орталығының аға инспекторы

"Табылған қаңқаға жасын, тұлғасын анықтау мақсатында сот сараптамасы тағайындалды. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, адамның денесінің қаңқасы 20-30 жыл бұрын жерленген және сумен шайылып кеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша сол жерде бұрын бейіттер болған". 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл жерде бұрын ескі қорымдар болған. Ал дәл осы аумақта қырық жылдан бері балық аулауды кәсіп еткен Александр Жирнов су қоймасының орнында еш уақытта мола  болмағанын айтады.

Ақтөбе су қоймасын салу кезінде қырық метр тереңдікке дейін жер қазылды. Егер қорымның орны болса, адамның сүйектері сол кезде көзге көрінетін еді дейді қарт балықшы.

Александр  Жирнов - балықшы 

"Осы маңға жақын жерде 70 ші жылдары  қазақ ауылдары орналасқан. Қазіргі су қоймасының орнында Елек өзенінің бір сағасы ағып жататын. Бұл жерде қорым болуы тіпті мүмкін емес. Өйткені ауылдықтар қайтыс болған адамдарды анау қырдың басына жерлейтін. Өйткені өзен ағып жатқан жерге ауылдықтар еш уақытта мола салған емес". 

Дегенмен, су қоймасы бұрынғы қабірлердің үстіне салыныпты  деген хабарды естіген қала тұрғындары  жағажайға келуді қойған. Әзірге қаладағы жасанды көлдің астында ескі қорымның бар жоғы дәлелденген жоқ.  

 

 

 

Новости Казахстана
Ақтөбе балықшысының қармағын мәйіт қапты
Mailfire view pixel