Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

122 млн теңге шығын келген: "Қазақалтын" кенішінен алтын ұрланды

Опубликовано:

Алтын
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының полиция департаменті катодтық алтын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиға 2 наурызға қараған түні "Қазақалтын ТКМК" АҚ-да орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствода атап өткендей, қылмыстық әрекет салдарынан кәсіпорынға 122 млн теңге көлемінде шығын келген.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Полицейлер күдіктілерді анықтауға бағытталған шаралар кешенін өткізуде.

"Қылмысты жасауға қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабардар етті Ақмола облысы полиция департаменті.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақалтын" ТМК АҚ қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатқанын хабарлаған едік.

23 ақпанда компания өкілдері полицияға жүгініп, олардың бір қызметкері компанияның есепшотынан 1,5 миллиард теңгеден астам ақша аударғанын, содан кейін жоғалып кеткенін айтқан болатын.

"Іс қылмыстық кодекстің 189-бабы (Басқа адамдардың сеніп тапсырылған мүлкін иелену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілердің тұрғылықты жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде", – деп хабарлаған еді Ақмола облысының полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902208-122-mln-tenge-sygyn-kelgen-qazaqaltyn-kenisinen-altyn-urlandy/

pixel