Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Трекино ауылындағы жеке үйден екі зейнеткердің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, егде жастағы ерлі-зайыптылар табиғи газдан уланып, қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына барған "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандары қайғылы жағдайдың бірнеше себебін атады.

"Атап айтсақ, Ресейдегі газ құбырының апатына байланысты газ қысымының төмендеуі, қатты аяз, электр қуатының үзілуі. Сондай-ақ үйге жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін газ беруді автоматты түрде өшіретін сенсордың бөлшектелгені белгілі болды. Нәтижесінде түтін мұржасында мұз кептелісі пайда болып, улы газ тұрғын үйге тараған", - дейді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ өкілдері.

Оқиға орнына облысы әкімі Ғали Есқалиев келген. Аймақ басшысы марқұм ерлі-зайыптылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, оқиғаның нақты себептерін анықтауды, сонымен қатар олардың отбасына көмек көрсетуді тапсырған.

Фото
Оқиға орнынан фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

"Тексеру қорытындысы және осындай жазатайым оқиғаларды азайту бойынша қажетті шаралар жақын арада облыс әкімдігінде қаралатын болады", - дейді өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы орайда мамандар үй-жайда улы газдың пайда болуын қандай белгілер бойынша анықтауға болатынын және улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы айтты.

Улы газдың пайда болғанын қалай білуге болады?

Белгілердің бірі түтіннің иісі болуы мүмкін, бірақ өте әлсіз.

Тағы бір белгісі – денсаулықтың нашарлауы: кенеттен жүрек айну, бас айналуы, ағзаның әлсіреуі. Мұндай белгілер басқа да аурулардың белгісі болуы мүмкін. Дегенмен, бастың айналуына, ауруына, жүректің айнуына, құсу, құлақтағы шуға, ентігу, жөтел және көздің жасаурауы сынды белгілерге аса назар аудару қажет. Бұл иіс тиюдің белгілері болуы мүмкін.

Егер бөлмеден улы газдың тарғанын сезсеңіз, бірден таза ауаға шығыңыз. Егер бөлмеден шыға алмасаңыз, терезелерді ашу керек. Өрт сөндірушілерге қоңырау шалыңыз.

Улану кезіндегі алғашқы көмек:

  • Зардап шегушіні таза ауаға шығару;
  • Улы газдың иісін жою;
  • Бөлмені желдетіңіз (терезелер мен есіктерді ашыңыз) және бөлмеден шығыңыз;
  • Егер зардап шегуші ес-түссіз болса, есін жинағанға дейін немесе жедел жәрдем келгенге дейін дереу жасанды тыныс алуды бастау қажет;
  • Жедел жәрдем дәрігеріне улы газбен уланғаны жайлы хабарлау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901404-bqo-da-oz-uiinen-erli-zaiyptylardyn-zansyz-denesi-tabyldy/

pixel