Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас өз туған күнінде Назарбаевтың немересімен түскен суретін жариялады

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Нұрәлі Әлиев
Фото: Instagram/kair_n

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас желіде Нұрәлі Әлиевпен түскен суретін жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Аталмыш фото кеше өнер иесінің туған күнінде жасалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас 32 жасқа толуына орай ауқымды кеш ұйымдастырмаған көрінеді. Желіде әншінің туған күнінен фото және видеожазбалар мүлдем тараған жоқ.

Өнер иесі тек өзі ғана Instagram парақшасында сол күні Нұрәлі Әлиевпен түскен суретін жариялап, елді қуантты.

"Бүгінгі кештен естелік" , - деген жазба қалдырды ол фото астына.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртас пен Нұрәлі Әлиевтің фотосына тәнті болып, оларға жүрекжарды тілектерін де жолдаған. Аталмыш фото аздаған уақт аралығында 25 мыңнан астам лүпіл жинап үлгерді.

"Қандай тамаша отырыс. Осындай бас қосулар көбірек болсын" , "Сіздерге тәнтімін, бақытыт болыңыздар" , "Нұрәлі әкесіне ұқсайды екен. Бақытты болыңдар" , "Нұрәлі сымбатты жігіт" , "Қасыңдағы Нұрәлі Әлиев пе?" , "Биыл туған күніңізді ауқымды етіп тойламай, Нұрәлімен атап өткен секілдісіз ғой ", "Туған күніңізді Нұрәлімен бірге тойладыңыз ба?" , "Туған күн күшті өткен сияқты ғой" , "Екеуің де мықтысыңдар. Жарайсыңдар қазағымның жігіттері" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, күні кеше Қайрат Нұртастың туған күні болды. Халықтың сүйікті әншісі 32 жасқа толған. Өнер иесі өзінің жеке мерекесінде өзіне өмір сыйлаған ата-анасын құттықтап, оларға деген алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901028-qairat-nurtas-oz-tugan-kuninde-nazarbaevtyn-nemeresimen-tusken-suretin-zariyalady/

pixel