Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шеттерінен бақсы-балгер": Балғынбек Имаш денсаулық сақтау министрін сынап тастады

Опубликовано:

Балғынбек Имаш
Фото: Instagram/balgynbek_official

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынға алып, "Той жыры" мақамымен өлең жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақын өз туындысын Instagram парақшасында жариялады.

"Цой жыры

Карантиннің құдірет күші әлдилеп, Бар әлемнің суылдатқан жүрегін. Адамдарды ойлайды ма зомби деп, Екпе салмақ қалдырмастан біреуін.

Қайырмасы:

Цой үстінде қатты күндер, қатты күндер, Шықпаса екен "наконец!" деп шаттық үндер. Кім айтады бұл әлемдік қойылымның, Авторлары нақты кімдер, нақты кімдер?

Вакцинация - боп тұр ажал бесігі, Біліп алдық Билл Гейтстің ойларын. ВОЗ дегенің - барлық дерттің есігі, Орындаушы болмаса екен Цойларың.

Қайырмасы: Министрлер дәріден жер, маскыдан жер, Есі дұрыс қалмаған ба жақсы дәргер? Кім ауырад, кім өледі, қашан өлед, Шеттерінен бақсы-балгер, бақсы-балгер.

Цой үстінде нақты кімдер, нақты кімдер? Басқарып тұр әлемдегі БАҚ-ты кімдер? Жалғандықты жалау етпей журналистер, Қара қылды қақ тіліңдер, қақ тіліңдер!", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Цой үкіметтің онлайн-отырысында коронавирусқа қатысты 2021 жылға арналған болжаммен бөліскен еді.

Министрдің сөзінше, коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін.

Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3000-ға дейін ауру жұқтырғандар тіркеледі деп күтілуде. Ауруханалардағы төсек-орын 24 мыңға дейін толуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895426-setterinen-baksy-balger-balgynbek-imas-densaulyk-saktau-ministrin-synap-tastady/

pixel