Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді

Опубликовано:

Тәжвирус карантин
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Елімізде коронавирустың таралу көрсеткіші өзгерді. Күн сайын өңірлер кезекпен "қызыл" аймаққа еніп жатыр деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram парақшасы.

Cоңғы ақпаратқа сәйкес, Алматы "қызыл" аймаққа енген.

Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Ал Қарағанды, Алматы облысы "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде COVID-19 инфекциясына шалдыққан 1480 адам тіркелді. Олардың 135-і Алматы қаласынан.

Сонымен қатар өткен тәулікте ауру жұқтырғандар ең көп тіркелген өңірдің бірі - Павлодар облысында карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Енді аймақта қалааралық, облысаралық және өңір ішіндегі автобус тасымалына тыйым салынады. Тек Ақсу-Павлодар бағытындағы қозғалысқа рұқсат етілген. Сонымен бірге кафелер мен мейрамханалар жұмысына да шектеу қойылды. Демалыс күндері аталған мекемелер клиент қабылдай алмайды. Тамақты жеткізіп беру қызметіне ғана рұқсат.

Түркістан облысында да карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Демалыс күндері жабық базар сынды кей нысандар жұмыс істемейді.

Ал Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды. Тек азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін сақталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895408-almaty-koronavirus-bojynsa-kyzyl-ajmakka-kirdi/

pixel