Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі сағат сайын өліп жатты": Коронавирустан анасын жоғалтқан Еркебұлан өкпесін айтты

Опубликовано:

Еркебұлан
Скриншот: Balu KZ / Тимур Балу

Тимур Балымбетовтің Balu.kz бағдарламасында қонақта болған әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сұхбат барысында коронавирустың салдарынан анасынан айырылғанын, өзі де өлім аузынан қалған айтып, билікке өкпесін жеткізді.

Басынан өткен қиын кезеңді еске алған шоумен анасы ауырған сәтте коронавируспен өзі де ауруханаға түсіп қалғанын айтады.

"Сол кезде өзімді қатты кінәлі сезіндім. Неге ауырып қалдым? Сұрақтар көп болды. Сол үшін өзімді кінәладым. Үкіметке ренжіп-ренжіп, қойдым. Қатты ренжідім. Неге коронавирус пайда болды дегеннен бастап шекараны жауып тастамады... Неге елде коронавирус басталды дегеннен бастап басқа елдерден тәжірибе алмады", - деп ренішін білдірді әзілкеш.

Ол ауруханада адамдардың өлімі көп болғанын жасырмады.

"Қазір миллионер болғанымда, мүмкін сол жақта бір аурухананы жауып тастап, анамызды емдейтін бе едік? Барлығы құдайдың қолдында ғой. Мүмкін солай болуы керек болды ма, білмеймін", - дейді ол.

Еркебұлан дерт өршіген кезде науқастар дәлізде жатуға мәжбүр болғанын есіне алды.

"Анамыз жатып қалды. Барсақ, пневмония екен, орын жоқ. Адамдар дәлізде жатыр... Ертесі күні реанимацияға түсіп қалды. Дәрі жоқ. Дәріні іздеп жүріп таптық", - дейді Еркебұлан Мырзабек.

Шоумен тамақ тасып жүріп өзі де ауруханаға түсіп қалған.

"Күнде ауруханаға барып жүрдім. Екі сағат сайын адам өліп жатыр. Мәйітханаға сыймайды. Күнде ары-бері тамақ тасып жүріп, бір күні анаңыздың жағдайы жақсарды деп хабарласқан сәтте өзім әлсірей бастадым. Емханаға барсам, өкпең 70 пайыз қабынған дейди... Өзім Түркістанда жүрдім. Сол жердегі ауруханада коронавирустың не екенін, қандай ауыр дерт екенін ұқтым", - дейді әзілкеш.

Анасының жағдайы қайта нашарлағанын естіген тележүргізуші өзі де жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан екен.

"Естіген кезде өз-өзімді тастап жібердім. Кетіп қалыппын. Түнде реанимациядағы аппартқа жатқызып, қайтып шығарып алған екен. Сол кезде мүмкін орын ауыстырдық па деп ойлаймын. Сен бір өшіп қалдың деп кейін айтып берді", - дейді шоумен.

Еркебұлан үкімет тарапынан "кешіріңіз, біз қателесіппіз" деген ешкім болмағанына ренжулі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895164-eki-sagat-sajyn-lip-zatty-koronavirustan-anasyn-zogaltkan-erkeblan-kpesin-ajtty/

pixel