Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 млн қарызға беріңізші": Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан ақша сұрап жүр

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан ақша сұрап жүр. Өтініштердің бірінде автор Елбасының қызынан үй алуға қол ұшын беру туралы өтінішін жеткізіп, қарызға 15 миллион теңге сұраған. Ол қарызды ай сайын жалақы түскенде 60-70 мың теңгеден шотына жіберу арқылы қайтаратынын жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтініш білдірушінің хабарламасын жария етті.

Елбасының қызы күн сайын көптеген адам көмекпен жүгінгенін атап өтті.

"Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады!

Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын.

Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!

Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз.

Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту - ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу!

Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!" - деді Әлия Назарбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895154-15-mln-karyzga-beriizsi-kazakstandyktar-lia-nazarbaevadan-aksa-srap-zr/

pixel