Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді Қырғызстанға ұшатын қазақстандықтар ПТР анықтама көрсетуі қажет

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Жаңа ережеге сәйкес, Қырғызстанға баруды жоспарлаған жолаушылар коронавирустың теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы ұсынуы керек деп хабарлайды Air Astana компаниясы.

Ереже барлық жолаушыларға, оның ішінде Қырғызстан азаматтарына да қатысты.

"2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап Қырғызстанға баруды жоспарлаған жолаушылар (олардың ішінде Қырғызстан Республикасынын азаматтары) ПТР тесттің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы ұсынуы керек (анықтама нәтиже алынған сәттен бастап рейс Бішкекке келгенге дейінгі 72 сағат ішінде жарамды)", – делінген хабарламада.

Анықтаманы ағылшын немесе орыс тілдерінде көрсетуге болады. Егер анықтама басқа тілде берілсе, жоғарыда аталған тілдерге нотариалдық куәландырылған аударма қажет.

"Рейстің кешігуі сынды объективті себептермен ПТР тесттің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар сол жерде ПТР тесттен өтуі керек", – дейді Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар компания 7 жасқа дейінгі балалардан ПТР тест анықтамасы талап етілмейтінін айта кетті.

Еске салсақ, 19 қаңтарда елімізге Германия, Корея, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь республикасы мен Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

Ұшып келген 1 915 жолаушының 1 713-інде ПТР тесттің теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болса, 202 адамда анықтама болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894779-kazakstandyktarga-kyrgyzstanga-su-sin-ptr-anyktamasy-kazet-bolady/

pixel