Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сын көтермейді": Мәжіліс депутаты елдегі жалақыға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Мәжіліс депутаты Айбек Паяев Қазақстанда жалақының төмендігіне қапаланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, 2021 жылдың басындағы жағдай бойынша Picodi халықаралық қызметінің сарапшылары әлемдегі 56 елдің ішінде ең төменгі жалақы Қазақстанда екенін атап өткен.

"Сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты, 2020 жылмен салыстырғанда, Қазақстанның ең төменгі жалақы азайған бірден бір елге айналғаны факт. Бізден кейін Нигерия мен Өзбекстан тұр", – деді мәжіліс депутаты.

Ол номиналды ең төменгі еңбекақы Қазақстанда өзгермегенін және 42 500 теңге екенін еске салды. Алайда сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты нақты жалақы былтырғыдан азайды.

"Қазір ол 37 400 теңгені құрайды. Мысал ретінде айтар болсақ, ең төменгі жалақы Украинада 27%-ке, Польшада 9,8%-ке, Беларусьте 6,7%-ке, ал Ресейде 5,5%-ке көтерілді. Бұл ешқандай сын көтермейді", – деді Паяев.

Зерттеу авторлары шартты азық-түлік себетін құрып, тауар құнын ең төменгі жалақымен салыстырған. Азық-түлік себеті нан, сүт, жұмыртқа, күріш, ірімшік, ет, жеміс-жидек пен көкөністен тұрады.

Қазақстан азаматы үшін мұндай азық-түлік себетінің құны 25 280 теңгені құрайды, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 13,87%-ке артық.

"Бұдан келіп шығатыны, Қазақстанда ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жағдайы нашарлаған. Ал қазақстандықтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін ең төменгі жалақы орташа жалақымен ғана емес, отбасының жұмыс істемейтін мүшелерін ескере отырып, нақты өмір сүру құнымен де байланысты болуы керек", – деп санайды депутат.

Осыған байланысты Паяев үкіметтен ең төменгі жалақыны арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын және ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін өзгерту жоспары жайлы сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894723-syn-ktermejdi-mzilis-deputaty-eldegi-zalakyga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel