Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біраз күйзелтті": 14 жасында зорланған арудың қазіргі жағдайы қалай

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

14 жасында ауыл балаларынан зорланып, кейін сәбилі болған Қызғалдақ Талғатқызының оқиғасын көпшілік ұмыта қойған жоқ. Бүгінде төрт жасар ұлын жалғыз тәрбиелеп отырған ол өз басындағы сұмдық оқиғаны ең соңына дейін апаруға ниетті. Алайда, күдікті тарап өкілдері істі сотқа жеткізбей, татуласы арқылы аяқтауды көздеп отыр. Қызғалдақтың адвокаты Альбина Бахтиярқызы KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, оның қазіргі жағдайын баяндады.

"Қылмыстық істі тергеу кезеңі аяқталуға жақын. Жақын арада іс сотқа кетеді деп күтудеміз. Қызғалдақтың жағдайы жаман емес. Тек осы іс онсыз да көп теперіш көрген оны біраз күйзелтті. Күдіктілер мән-жайды дұрыс түсінбейтін сияқты. Уайымға салынып жүрген олардың ата-аналары ғана. Бірақ бұл татуласу арқылы жабыла салатын жайт емес. Қызғалдақ ең соңына дейін күресіп, күдіктілердің жазалануын талап етпек", - дейді қорғаушы.

Айта кетелік, бүгінде Қызғалдақ ұлымен бірге өмір сүріп жатыр. Ол өз басындағы ауыр оқиғаны ел алдында жариялаған соң, ғаламтор арқылы қысым көрсететіндер көбейген. Сол себепті, ол өзін қорлап, желіде себепсіз балағаттағандарды да сотқа бермек.

"Қызғалдақ басындағы оқиғаны ашып айтқан соң, оған желіде түрлі қысым көрсетіле бастады. Әлеуметтік желі мен интернетте адамның ар-намысына тию заңмен жазаланады. Ол өзі мен ұлының қауіпсіздігіне алаңдайды. Сол себепті, желіде ар-намысын таптағандарды да жазалауды көздеп отыр. Ал күдіктілер тарапынан ешқандай қысым жоқ. Олар істің оң шешілгенін ғана қалап отыр", - дейді адвокат.

Айта кетейік, бұған дейін Қызғалдақ Талғатқызы 14 жасында үш жігіттен зорланғанын, кейін ұлды болғанын айтқан еді.

Арада бірнеше жыл өткенде Қызғалдақ өз өмірінің талқанын шығарған күдіктілердің жазасын беру үшін ел алдына шығып, құзырлы органдардан көмек сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894506-biraz-kjzeltti-14-zasynda-zorlangan-arudy-kazirgi-zagdajy-kalaj/

pixel