Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарылып кетеді": Телефонды қандай жағдайда зарядтауға болмайды

Опубликовано:

ұялы телефон
Көрнекі фото: www.oasisxpress.co.uk

Телефонды батареясы ұлғайып күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл күйінде қуаттауға болмайды деп жазады Прайм агенттігі.

"Телефон қуатталмай қалса немесе жылдамырақ қуат ала бастаса, параметрлерден телефонның қуат жұмсау статистикасын тексеру керек. Құрылғының қуаты жаңа қосымша салдарынан тез таусыла бастауы ықтимал, ал оған батареяның еш қатысы жоқ", - деді "Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маманы Сергей Кузьменко.

Оның сөзінше, батареяның ескіруі мен зақымдануы қуаттау кезінде қиындық тудырады.

Телефонды құлатып алсаңыз немесе ұзақ уақыттан бері қолданып жүрсеңіз, осындай жағдайға тап болуыңыз мүмкін, дейді маман.

Кузьменко телефон қуаттағышы түпнұсқа болмаса, арзан өнімдер қолданылса, батарея "өмірі" қысқаратынын жеткізді.

Егер батареяның жағдайы смартфон сапасына әсер етсе, құрылғыны қуаттамаңыз. Оны жөндеуге беріңіз. Әйтпесе, батареясында ақау бар телефон жарылып кетеді, деп сөзін қорытындылады Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маманы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894408-zarylyp-ketedi-telefonda-kandaj-zagdajda-zaradtauga-bolmajdy/

pixel