Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова: Бұл заң қабылданса құрдымға кетеріміз анық

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова да отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңға қарсы шыққан әртістер қатарына қосылды. Өнер иесі бұл заң жобасы жанұялардың шырқын бұзатынын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова ел арасында қызу талқыланып жатқан жаңа заң жобасына қатысты өз пікірін Instagram парақшасында жеткізген.

"Бүгінгі уайым бала шағамыздың болашағы. Қатты талқыға салынып жатқан отбасылық зорлық зомбылыққа қарсы заңға байланысты пікір талас жәй сол күйінде айтылып қана қалмаса екен. Қалыс қалмай, қол сұғып аталмыш заңнаманың кейбір ұлтымызға өте қауіпті тармақтарын түсіндіріп жатқан заңгерлерге, шырылдап жатқан белсенділерге рақмет.
Әлі де, бұл - Отбасы - Отанымыздың шырқын бұзатын заң тармақтарын естімей қалып жатқан, қарсылық білдіріп үлгермей жатқан жандар қаншама. Бұл заң дәл осы тармақтармен қыбылданса құрдымға кетеріміз анық. Біз түбегейлі қарсымыз! Жаңа сайланған депутаттарға сенім артамыз! Билікке дүйім жұрт болған шырылымыз естіліп, жан айқайымыз еленер деген үміттеміз! Алла қаны таза текті ұлтымызды сақтасын", - деп жазды Әуелбекова.

Айта кетейік, бұл заң жобасы әзірге қарастырылып жатыр. Оны ресми түрде қабылдаған жоқ.

Алайда, аталмыш заң ел арасында қызу талқыланып, көптеген адамдардың наразылығын тудырды. Оған қарсы шыққандар арасында әнші Алтынай Жорабаева мен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894274-mldir-uelbekova-bl-za-kabyldansa-krdymga-keterimiz-anyk/

pixel