Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезияда тағы да қайғылы жағдай: Тоқаев Джоко Видодоға көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: newtimes.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Сулавеси аралындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия басшысы Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан қайтыс болғандарға байланысты Индонезия президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

"Жантүршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын", – деп жазды мемлекет басшысы.

9 қаңтар күні Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы Джакарта әуежайынан ұшып шыға салысымен теңізге құлағаны жарияланды.

SJ182 рейсімен байланыс UTC уақыты бойынша сағат 7:40-та (Астана уақытымен 13:40-та) үзілген. Ұшақ Джакарта әуежайынан ұшып шыға салысымен 4 минуттан соң радардан жоғалып кеткен. 

Джакартадан Понтианакқа бағыт алып шыққан әуе кемесінің бортында 59 адам болған, оның алтауы – бала. 

Индонезия Көлік министрлігі апатқа ұшыраған Boing 737-500 (Flight SJ182) ұшағындағы жолаушылардың барлығы қаза тапқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта оқиғаның бірнеше нұсқасы қарастырылуда: борттағы жарылыс пен басқару жүйелерінің істен шығуы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894065-indoneziada-tagy-da-kajgyly-zagdaj-tokaev-dzoko-vidodoga-kil-ajtty/

pixel