Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Нығматулин қайтадан мәжіліс төрағасы болды

Опубликовано:

Нұрлан Нығматуллин
Нұрлан Нығматуллин. Фото: Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі

Бүгін парламент мәжілісінде VII сайланған парламенттің алғашқы жалпы отырысы өтті. Жиын кезінде депутаттар мәжіліс спикерін таңдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәжіліс спикері лауазымына тек "Nur Otan" партиясының өкілі Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы ұсынылды.

Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы Нығматулиннің кандидатурасын бірауыздан қолдап, ол мәжіліс төрағасы болып сайланды.

"Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке, мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Ең біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік.

Сондықтан, әрқашанда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімдерін ақтау үшін мен барлық жинаған білімімді, жинаған тәжірибемді жұмсайтын боламын", - дейді Нұрлан Нығматулин.

Айта кетсек, ол 2016 жылдың 22 маусымынан бастап парламент мәжілісінің төрағасы қызметіне атқарып келеді.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтті. Оған "Қазақстан халық партиясы", "Nur Otan", "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Адал" саяси партиясы қатысты.

12 қаңтар күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудағы дауыс берудің соңғы нәтижелерін жариялады.

Оған сәйкес, "Nur Otan" партиясы 71,09%, "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,95%, "Қазақстан халық партиясы" 9,10%, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 5,29% "Адал" саяси партиясы 3,57% дауыс жинады.

Дауыс беру қортындысы бойынша үш партия - "Nur Otan", "Ақ жол" және ҚХП мәжіліске өтті.

Ал 14 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы жетінші шақырылымдағы мәжіліс депутаттарын тіркеді. Оларға жеке куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893951-nrlan-nygmatullin-mzilis-tragasy-bolyp-sajlandy/

pixel