Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде инкассаторларға жасалған шабуыл: Оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жаңаөзенде полиция қызметкерлері инкассатор көлігіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді іздестіріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратынша, 3 желтоқсанда Жаңаөзен полиция басқармасының "102" пультіне банктердің бірінің ғимараты маңында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түскен.

"Жаңаөзеннің барлық жолдары қатаң бақылауда, полицияның күшейтілген жасағы қала мен оның айналасын патрульдеуде", - дейді өңірлік ПД.

Құзырлы орган инкассатор көлігіне жасалған шабуылдың бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын, сондай-ақ күдіктілердің ақ түсті көлікпен жасырынғандарын атап өтті.

Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті мен Жаңаөзен полиция басқармасының барлық жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жаңаөзенде пышақпен қаруланған төрт белгісіз адамның инкассатор көлігіне шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Yedilov Online Telegram-каналының мәліметіне сенсек, оқиға 3 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 40-та Көктем шағын ауданындағы банк инкассациясы кезінде болған.

"Қылмыскерлер бұған дейін жиналған үш қаппен мен жалпы сомасы 62 532 542 теңгені құрайтын банктік мультикассетаны, 19 696 АҚШ долларын (8 345 711 теңге - ред. ескертпесі), 495 450 рубльді (2 816 279 теңге - редактордың ескертпесі) иемденді" , - делінген видеоның сипаттамасында.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Шу ауданындағы букмекерлік кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887836-zaazende-inkassatorlarga-zasalgan-sabuyl-policia-pikir-bildirdi/

pixel