Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өресі жетпейді": Белгілі журналист арзан әзіл айтатын жайдарманшыларды сынады

Опубликовано:

Айдос
Фото: Айдостың жеке мұрағаты

Танымал журналист әрі "Қалаулым" шоуының қатысушысы Айдос Игіліков арзан әзіл айтатын квншілерді айыптады. Оның айтуынша, 2000 жылдары басталған қазақша арзан әзілдер халықтың өресін түсіріп, интеллектісіне кері әсер еткен. Бұл туралы "Анықтаймыз" бағдарламасында өткен "Жайдарман" және "Қалаулым" қатысушыларының арасындағы "текетіресте" бегілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында қатысушылар екі жақты пікір алмасып, "Қалаулым" мен "Жайдарманның" артықшылығын және кемшілігін талқылаған.

"Біздегі телеарна басшылығы халықты арзан әзілмен, жеңіл-желпі дүниелермен ұстап отыр. Өйткені, халық соны көреді, көрерменнің таңдауы сол. Өкінішке қарай, 2000 жылдардың басында басталған қазақша, дым тұзы жоқ, шикі әзілдер халықтың деңгейін әбден төмендетті. Қай жеріне күлетінін білмейтін әзілдер пайда болды. Осыны көріп қанша буын өсті. Қазір сол буынның "Қалаулымнан" басқаға өресі жетпейді. Жалпы, көрерменнің таңдауын әу баста құртқан әзілкештер мен арзан әзілдер. Сіздер кезінде бір ғана фельетомен бүкіл облысты, бүкіл республиканы дірілдеткен «Ара» журналын білесіздер ме? Оспанхан Әубәкіров, Көпен Әмірбектер секілді тұщымды әзіл айта алдыңдар ма?", - дейді журналист бағдарлама барысында.

Ал жайдармандықтар өз кезегінде "Қалаулымды" ұлтқа қарсы дүние деп санайтынын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін қалаулымдық жігіт жобада танысқан қызды алып қашқанын жазған болатынбыз.

Артынша, "Қалаулымда" бас қосқан Айдос Игіліков пен Зарина Сапарова ажырасып кеткені белгілі болды.

Бүгінде журналистика саласында еңбектеніп жүрген Айдос әлеуметтік желідегі алыпқашпа сөздерге нүкте қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887181-resi-zetpejdi-belgili-zurnalist-arzan-zil-ajtatyn-zajdarmansylardy-synady/

pixel