Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесіне деген сағынышын жеткізген қазақстандық қыз Junior Eurovision байқауында екінші орын алды

Опубликовано:

Қарақат
Скриншот: Junior Eurovision Song Contest

Қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision - 2020 ән байқауында екінші орын алды. Бұл байқауда 12 жастағы әнші қайтыс болған әкесіне арнаған "Мәңгілік" әнін орындаған.

Бірінші орын Франция өкілі Валентинаға бұйырды деп хабарлайды жарыстың ресми сайты.

Дауыс беру нәтижелері бойынша француз қызы 200 балл жинаған. Қарақатта -152 балл.

Үздік үштікті испаниялық Солеа қорытындылаған (133 ұпай).

YouTube-тегі Junior Eurovision - 2020 ресми каналында Қарақат Башанованың орындауындағы әнге түсірілген видео 200 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген.

Қарақат Башанова "Мәңгілік" әнін 7 жасында жоғалтқан әкесіне арнаған. Композицияның авторы қазақстандық композитор Хамит Шанғалиев. Ол өткен жылы осы байқауға Қазақстанның атынан қатысқан Ержан Максимге де ән жазған болатын.

Қарақат байқау қорытындысы туралы пікір білдірді.

"Менің ойымша, бұл бүкіл Қазақстанның жеңісі. Барлығыңызға қолдау көрсетіп, дауыс бергендеріңіз үшін рахмет. Алда бізді әлі көптеген жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр", - деп келтіреді "Хабар" агенттігі әншінің сөзін.

Биыл финалға 12 орындаушы қатысты. Жеңімпаз қазылар алқасының дауыс беруі және көрермендердің онлайн-дауыс беруі нәтижесінде анықталды.

Байқау жеңімпазы Валентинаның өнер көрсеткен сәтінен де видеоны назарға ұсынамыз.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық бойжеткен Ресейдің "Голос" жобасында төрешілерді таңғалдырғанын хабарлаған едік.

Одан бөлек, Бурак Озчивит пен Ләйлә Сұлтанқызының бірге отырған сәтінен видео тарағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887050-kazakstandyk-karakat-basanova-junior-eurovision-bajkauynda-ekinsi-oryn-ielendi/

pixel