Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досының тойына аяғы ауыр алты әйелімен келген ер адам жұртты таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Дастархан
Көрнекі фото: pexels.com

Нигериялық азамат алты бірдей аяғы ауыр әйелін досының үйлену тойына ертіп әкеліп, көпшіліктің назарына ілікті деп жазады golos.ua.

Лагоста Club Uno түнгі клубын иелік ететін Майк Эзе-Нвали Нвогу актер досы Уильямс Учебмбаның үйлену тойына барлық әйелін ертіп апаруды ұйғарған.

"Сымбатты Майк" лақап атымен танымал азамат алты әйелінің де өзінен жүкті екеніне сендірді.

The Sun басылымының ақпаратына сәйкес, Майк АҚШ-та білім алып келген. Ал бүгінде бір бәйбішесі мен алты тоқалы бар азамат досының тойына барған сәтінен суреттерді өз Instagram парақшасында жария етіпті.

Той
Фото: golos.ua

Нәтижесінде той қонақтарының назары жас жұбайларға емес, алты әйелін ерткен азаматқа ауған.

Алты әйелі де тойға бірдей түстегі көйлек киіп келіп, еш қымсынбастан өзге қонақтардың алдына шыққан.

Желі қолданушылары болса, жас жұбайларды көлеңкесінде қалдырып, бар назарды өзіне аудартқан жігітке сын-пікірлерін жаудырды.

Ер адам ел аузында жүргенді ұнататыны соншалық, кезінде әйелдерді қарғыбаумен иттерше далада серуендеткені үшін жауапқа тартылған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін қалыңдығы тастап кеткен бразилиялық азамат өзіне өзі үйленіп, 28 млн теңгеге той өткізгенін жазған едік.

Одан бөлек, 38 жастағы Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өткенін жазған болатынбыз. Кейт Бузина ағашқа тұрмысқа шығу туралы шешімі өміріндегі ең дұрыс шешім болғанын айтқан.t

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886613-dosyny-tojyna-alty-birdej-aagy-auyr-jelimen-kelgen-er-adam-zrtty-tayrkatty-foto/

pixel