Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы да ұсталды: Қабатовтың адам қағып өлтірген көмекшісі мас күйде көлігін жүргізген

Опубликовано:

Ұлын Тұрсынбек Қабатовтың көлігі қағып өлтірген ана жанайқайын жеткізді
Тұрсынбек Қабатов. Фото: youtube.com/Aman Tasygan LIVE

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тағы да дауға қалды. Бұл жолы да өнер иесінің көмекшісі келеңсіз оқиғаға тап болған. Бүған жейін адам қағып өлтірген ер адам енді көлікті мас күйінде айдағаны үшін ұсталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына түскен Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі тағы да полиция қызметкерлеріне ұсталды. Бұл жолы ол әзілкештің әйелінің көлігін тізгіндеген. Бұл туралы "Көкшетау Азия" басылымы хабарлады.

Анықталғандай, ер адам Мөлдір Мұқанованың "Адиллак Эскалэйд" көлігін мас күйінде жүргізген. Азаматты көлік жылдамдығын асыра жүргізген үшінқұрықтады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қабатовтың осы көмекшісі адам өлімі орын алған қайғылы оқиғаға қатысы бар болып шыққан. Осыған дейін Тұрсынбек Қабатов аталған жағдайға қатысты көпшілікке үндеу жариялап, пікір білдірген еді. Ол қазаға өзінің қатысы жоқ екенін айтты.

Әзілкештің сөзінше, ол көмекшісіне көлік кілтін сеніп тапсырғанымен, оқиға орнында өзі болмаған.

Алайда, екінші оқиғаға қатысты Тұрсынбек Қабатовтың өзі де, әйелі де ресми түрде жауап берген жоқ. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі адам қағып өлтіргені туралы ақпарат тараған болатын. Желіде әзілкешке қатысты оқиға қызу талқыланды. Кейін белгілі әртіс қайғылы жағдай жайында пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1886500-tagy-da-staldy-kabatovty-adam-kagyp-ltirgen-kmeksisi-mas-kjde-kligin-zrgizgen/

pixel