Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева ел алдына шықты

Опубликовано:

Сара Назарбаева
Сара Назарбаева. Фото: bobek.kz

Біраз уақыттан бері көрінбей жүрген Сара Назарбаева ел алдына шықты. «Бөбек» қорының негізін қалаушы онлайн режимінде өткен бала тәрбиесіне арналған халықаралық форумға қатысты деп хабарлайды КТК.

Елбасының жары форум кезінде сөз сөйлеп, Қазақстан халқын ар-намыстан аттамай өмір сүруге және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.

"Адамның құндылығы неде? Кесіріңді тигізбе. Алдама, арыңа қарсы жүрме. Адамгершілігің болсын. Адам бол. Еркек болсын, әйел болсын, адам болуға міндетті. Өзіміз үшін, өз жанымыз үшін. Солай істеуіміз керек" , - деді Сара Назарбаева.

«Өзін-өзі тану: бала алдындағы миссия» конференциясы пандемияға байланысты видеобайланыс түрінде өткен.

Айта кетейік, бүгінгі күні «Бөбек» қоры арқылы балалар үйінің 8 мыңдай тәрбиеленушісіне қайырымдылық көмек көрсетілуде.

Ал қордың жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған әдістемесін тек қазақстандық балабақшалар, мектептер және колледждер ғана емес, шетелдік білім беру ұйымдары да пайдаланып жатыр. Мысалы, Таиландта ашылған орталықта студенттерге «Өзін-өзі тану» қазақстандық бағдарламасымен білім беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886347-kpten-beri-krinbej-ketken-sara-nazarbaeva-el-aldyna-sykty/

pixel