KZ
Корей компаниясы министрліктің үмітін ақтай алмады
Новости Финансы

Корей компаниясы министрліктің үмітін ақтай алмады

Расказать Вконтакте

Министірлік корей компаниясына келісімшарт бұзылатыны жөнінде ескерту жасады. 

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қазақстан" жобасын жүзеге асыру бойынша кестеден кешіккені үшін "Kukdong Ltd." корей компаниясымен келісімшартты бұзатыны жөнінде ескертті.

Бұл жөнінде Шымкентте "Батыс Еуропа – Батыс Қазақстан" жобасын жүзеге асыру бойынша отырыста ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Қамалиев мәлімдеді.

"Сараптау жұмысы көрсеткендей, бұл компанияның мердігердік қызметтерін орындауы бойынша жағдай тым күрделі: олар күнсайынғы, аптасайынғы және айсайынғы жұмыс көлемін орындай алмай отыр. Компания үнемі кесте мерзімінен қалыс қалады.

Осыған байланысты біз қатаң шара қолдануға мәжбүрміз. Мәселе шетел компаниясымен келісімшартты бұзу немесе оған ішкі басқару енгізу жайында болмақ", - деді Б. Қамалиев.

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии