Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Жамбыл облысындағы атышулы оқиға туралы айтты

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы қызметтік көлігінің жанында
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Жамбыл облысында болған оқиға туралы пікірін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Полиция желілік бөлімінің басшысы мен қоластындағылар есірткі бизнесімен айналысқан. Олардың қылмысын қауіпсіздік басқармасындағы әріптестері әшкере етті. Полицейлер өз қатарында қылмыс жасағандарды ұстағаны бір жағынан қуантады. Мұндай жұмыс бағалануы тиіс", - деді президент.

Екінші жағынан мұндай жағдай полиция беделіне нұқсан келтіреді, деп толықтырды ол. 

"Бұл тек Жамбыл облысында ғана болып жатқан жоқ, өзге өңірлерде де бар. Мұны жақсы білесіздер. Сондықтан есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту міндетін қоямын", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, халық нақты нәтижелерді көруі тиіс.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысы, Тасөткел ауылының маңында Көліктегі полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Шу станциясында есірткі сатумен айналысқан полиция қызметкерлерін ұстау бойынша арнайы операция өткізген болатын. Нәтижесінде бір адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.

Айта кетсек, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Нұр-Сұлтан қаласы ПД жол-патрульді полициясы полкі командирінің орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882222-prezident-zambyl-oblysyndagy-atysuly-okiga-turaly-ajtty/

pixel