Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев: Шіріген бай болсам, бес облысты басқармас едім

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Фото: dailynews.kz

Жамбыл облсының әкімі Бердібек Сапарбаев "Exclusive" бағдарламасының кезекті қонағы болып, сұхбат барысында жас әкімдерге кеңес беріп, өзінің меншігінде не бар екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әкім журналистің "қай облысты жаныңызға жақын тартасыз" деген сұрағына бес облыс та өзіне ыстық екенін алға тартқан.

"Маған әр өңір бірдей. Әр өңірдің өз ерекшеліктері бар... Сондықтан бес өңірдің бесеуі де ыстық", - дейді Жамбыл облысының әкімі.

Бердібек Сапарбаев сұхбат барысында жас әкімдерге кеңес берді.

"Кабинеттен шықпай телефонмен ғана жұмыс істеуге болмайды. Ерінбеу керек, дүниеге қызықпау керек... Егер сен алғыш болсаң, жұмыс істемейтін болсаң, халық сені, әрине қолдамайды", - дейді ол.

Әкім өз дүние-мүлкі туралы сұраққа да ағынан жарылып, жауап берді.

"Меншігімде астанада үйім, көлігім бар. Одан кейін бала-шағам мен немерелерім бар. Енді кейбірі ойлап қалады ғой, "Сапарбаев бес облысты басқарған, шіріген бай" деп. Мен өзім ойлаймын, егер мен шіріген бай болсам, бес облысты басқармас едім. Онда маған сенім болмас еді. Әруақытта, құдайға шүкір, тәубә деп айтып жатамын, мүмкін сол менің тазалығым шығар енді. Егер мен таза болмасам, шынын айтқан кезде, осындай жасымда мені бесінші облысқа әкім қылып жібермейді ғой", - дейді Бердібек Сапарбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Сапарбаевтың тараздық 13 жастағы жетім баланы өз қамқорлығына алғанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімі білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізіп, аудан әкімдерінің жұмысын сынға алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882086-berdibek-saparbaev-sirigen-baj-bolsam-bes-oblysty-baskarmas-edim/

pixel