Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауылдағы танысымен төсек қатынасына түскен жігіт опық жеп қалды

Опубликовано:

Төсек қатынасы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейдің Тюмень қаласында ауылдағы танысымен жыныстық қатынасқа түскен азамат жағымсыз жағдайға тап болды. Төсектесі оны соңғы тиынына дейін тонап кеткен деп жазады news.megatyumen.ru.

19 қазанда ер адам өзінің бұрынғы танысы, Заводоуковский ауданы ауылдарының бірінің 32 жастағы тұрғынымен кездесуді ұйғарады. Кездесу үшін ауыл тұрғыны облыс орталығына арнайы ат басын бұрған екен. Қос ғашықтың жағымды кеші қонақүйде жалғасын табады.

Таңертең төсекте оянған жігіт ғашығын жанынан таппай қалған. Ауылдан келген бойжеткен ер адамның қымбат смартфоны мен 40 мың рубль ақшасын алып, ізін суытыпты. Көңілі қалған жігіт амалсыздан полицияның көмегіне жүгінген.

Тәртіп сақшылары бойжеткенді ауылында қолға түсірді. Ол ақшаны жұмсап үлгеріпті. Ал телефонның құпия кодын ашу қолынан келмегендіктен, ол смартфонды лақтыра салған.

"Ұрлық" бабы бойынша әйел бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал ауылдасымен төсектес болғаннан әбден опық жеген азамат бойжеткеннің тиісті жазасын алуын күтіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз АҚШ-тағы Вирджиния университетінің ғалымдары адамдардың смартфондарды жыныстық қатынас кезінде де жиі қолдана бастағанын анықтағаны туралы жазған болатынбыз.

Одан бөлек, АҚШ-тың Пенсильвания университетіндегі ғалымдар жыныстық қатынастың мінсіз болуы үшін оның ұзақтығы қандай болуы керектігін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881856-auyldagy-tanysymen-tsek-katynasyna-tsken-zigit-opyk-zep-kaldy/

pixel