Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды (видео)

Опубликовано:

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қарағандыда екі жыл бойы заңсыз ойын бизнесімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствода өңірдегі ҰҚТ 2018 жылдың қаңтарынан бастап 2020 жылдың мамырына дейін әрекет еткенін хабарлады

Оның құрамына бес адам кірген. Олар Жезқазған мен Сәтбаевта 7 заңсыз ойын нүктелерін ұйымдастырған. Тергеу анықтағандай, ұйым өз қызметі барысында 16 млн теңгеден астам кіріс алған. 200-ге жуық ойын жабдығы тәркіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жіберілді.

Айта кетейік, Көкшетауда 23 қазанға қараған түні белгісіз біреу фирмадан 22 миллион теңге ұрлап кеткен. Бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді .

Түнде қара маска киген ер адам терезені сындырып, парфюмерлік өнімдердің көтерме саудасымен айналысатын фирмаға кірген. Ол күзетшіні байлап, сейфтен 22 миллион теңгеден астам ақшаны алып, ізін жасырған

Сол түні полицияға аталған оқиға туралы хабар түсті. Жедел топ құрылып, тергеу барысын полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин өз бақылауына алды. 24 қазанға қараған түні күдікті Нұр-Сұлтан қаласында қолға түскен. Ол 23 жастағы Зеренді ауданының тұрғыны болып шықты.

Бұрын сотталмаған, қазіргі уақытта жұмыссыз. Өзімен бірге күдіктіден 22 миллион теңге табылды. Анықталғандай, ол бірнеше күн бойы фирмаға келіп, жұмыс кестесі мен кабинеттердің орналасқан жерін зерттеген. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881448-karagandyda-jymdaskan-kalmystyk-top-mseleri-staldy-video/

pixel