Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш баланың әкесі: Атышулы "Бораттың" рөлін сомдаған актер шын өмірде кім

Опубликовано:

Саша
Фото: Getty Images

49 жастағы британиялық әзілкеш Саша Барон Коэннің «Борат-2» фильмі көрермендерге жол тартқалы қазақстандықтардың ашуын тудыруда. Көптің назарына іліккен фильмде Бораттың рөлін сомдайтын актер туралы не білеміз?

49 жастағы Саша Барон 2010 жылы Айле Фишер есімді актрисаға үйленіп, бүгінде үш баланың әкесі атанып отыр деп жазады dailystar.co.uk басылымы.

Оның Олив, Элула есімді қыздары және Монтгомери Мозес Брайан Барон Коэн есімді ұлы бар.

Актерлік мансабында Саша қазақстандықтардың ғана емес, өзге ел тұрғындарының да ашуын тудырып үлгерген. Оның бір басында бірнеше сот істері бар.

Нақты айтсақ, 2009 жылы қайырымдылық қорының қызметкері оны Бруно рөлі үшін сотқа берген. Алайда іс тоқтап қалды.

2010 жылы палестиналық азамат Айман Абу Аита Брунода оны террорист ретінде көрсеткені үшін актерді сотқа береді. 2012 жылы бұл іс те тоқтатылды.

2018 жылы сенатқа бұрынғы кандидаттардың бірі Рой Мур Who is America журналына берген сұхбаты үшін оны сотқа беріп, 95 млн доллар өтемақы талап етті. 2020 жылдың шілдесінде сот Сашаның бұл істі тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Бұл, өз алдына істің әлі жалғасып жатқанын аңдатады.

Десе де, Бораттан бөлек, Али Джи (ағылшын джанглисті), генерал-адмирал Аладин (африкалық елдің диктаторы), Бруно (австриялық гомосексуал) және өзге де рөлдерді сомдап, "Мадагаскар" мультфильмінде XIII Жюльен королін дыбыстаған актерді үздік деп тапқандар да бар.

Саша осы күнге дейін кино саласында 24 марапатқа ие болып үлгерген. Атап айтсақ, "Алтын глобус" жүлдесі, "Борат" фильмінде үздік ер адам рөлі және үздік комедиялық рөл және өзге де марапаттардың иесі атанып отыр.

Актер 1971 жылы 13 қазанда Лондонның Хаммерсмит ауданында дүниеге келген. Әкесі ерлер дүкенінің иесі болса, анасы - сауықтыру дене шынықтыруының жаттықтырушысы.

Еске салсақ, бұған дейін біз америкалық жазушы "Боратты" тарихтағы ең нәсілшіл фильм деп атағанын жазған едік.

Одан бөлек, жақында Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881169-s-balany-kesi-atysuly-boratty-rlin-somdagan-akter-syn-mirde-kim/

pixel