Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отпен ойнауға болмайды": Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Алтай Көлгінов
Алтай Көлгінов. Фото: uralskweek.kz

Нұр-Сұлтан әкімі қала тұрғындарына қазір елорда "жасыл аймақта" тұрғанын хабарлады. Алайда ол қала тұрғындарын босаңсымауға шақырды. Алтай Көлгінов тиісті жазбаны өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қосымша карантиндік шаралар мен шектеулерді енгізу қаланың қай "аймақта" орналасқанына байланысты. Қазір елорда "жасыл аймақта", бірақ соңғы күндері COVID-19 ауруының өсімі байқалады.

Егер 19 қазанда 13 жағдай тіркелсе, 20 қазанда 29, ал 21 қазанда 15 жағдай тіркелді. Динамика тұрақсыз",– деді қала басшысы.

Қала әкімінің ойынша, біріншіден, қазір COVID-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды. Сонымен қатар, Көлгінов ол кезде ковид стационарларын бірінен соң бірін аштық, палатадағы төсек орындар санаулы сағатта толып кететінін айтты.

"Босаңсуға болмайды, себебі вирус ешқайда кеткен жоқ, ол әлі бар. Дәрігерлер егер адам бір ауырып тұрса, бұл оның вирусқа қарсы иммунитеті бар деген сөз емес дейді. Егер науқас коронавирусты бір рет жеңсе, бұл оның қауіпсіздікте екенін білдірмейді. Ғалымдар әлі күнге дейін коронавирустың қандай зардабы бар екенін анықтап жатыр",– деп жазды Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, екіншіден, қазір біз кейбір кафе, мейрамхана мен басқа да нысандардың карантинді бұзып, коронавирустың бейберекет таралуына жағдай жасап жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты рейдтер өткізуді күшейткенін еске салды.

"Біздің дәрігерлер тәжірибе жинады, медициналық мекемелер де дайын, бірақ өзіңізге эксперимент жасау не керек. Төсек орындар қажет болған жағдайда, мыңдаған орынды дайындай аламыз, дегенмен бәріне бір уақытта дәрігерлер жетпейді. Жабдықталған стационарлар медицина қызметкерлерінсіз пациенттерді емдей алмайды",– деп ескертті әкім.

Әкім мұндай жағдайларда "отпен ойнауға" болмайтынын айтты. Ол қала тұрғындарын өздерін және жақындарын коронавирус инфекциясынан қорғауға шақырды.

"COVID-19 індетімен байланысты осындай қауіпті жағдайда отпен ойнауға болмайды, "мен ауырмаймын" деп ойламаңыз – өзіңіз бен жақындарыңызды коронавирустан сақтаңыз. Ең әлсіз топ - егде жастағы адамдар, біз оларды қорғауымыз керек",– деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Көлгінов COVID-19-бен күресу үшін қала билігі медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және қорғаныш құралдарымен жабдықтағанын атап өтті.

"Соңғы апталарда қосымша 50-ден астам өкпені жасанды желдету аппаратын (бұрын сатып алынғандармен бірге ӨЖЖ аппараттарының саны 434-ті құрайды), 2 компьютерлік томография аппаратын (қалада барлығы 19 КТ), өкпенің қанша процентке зақымданғанын көрсететін 7 цифрлық рентгенография жүйесін сатып алдық (қалада барлығы 63 ренгтен). Бұған дейін медицина мекемелеріне оттегі концентраторлары, флоуметрлер мен тағы басқалар қойылды",– деп түйіндеді Алтай Көлгінов.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пралиева елордада шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Айта кеткен жөн, жексенбі, 25 қазанда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұның себебін CTS компаниясы түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881033-otpen-ojnauga-bolmajdy-klginov-astanalyktarga-ndeu-zasady/

pixel