Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пайдаланылған мүшеқаптарды жұртқа сатып келген алаяқтар қолға түсті (фото)

Опубликовано:

Мүшеқаптар
Фото: Newsflash

Вьетнам полициясы Бинь Дуонг провинциясындағы қоймадан пайдаланылған 324000 мүшеқапты тәркіге алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Белгілі болғандай, бұл мүшеқаптарды пайдаланылып қойғанына қарамастан, алаяқтар қайта сатып келген деп жазады dailymail.co.uk басылымы.

Мүшеқаптардың барлығы жуылып, кептіріліп, ағаш дилдоға оралып, қайта сатуға жіберіліп отырған.

Мүшеқап
Фото: dailymail.co.uk

Пайдаланылған мүшеқаптар қоймасы Вьетнамның оңтүстігіндегі Бинь Дуонг провинциясында орналасқан. Тәркіленген мүшеқаптардың салмағы 360 келіні құраған. Аталмыш қоймадан қанша мың мүшеқап сатылымға шығып қойғаны белгісіз, бірақ олардың саны бірталай болатыны сөзсіз.

Мүшеқап
Фото: dailymail.co.uk

Бұл жайта қоғам арасында резонанс тудырды. Резеңке бұйымдарды жуып, қайта сату жұмысына бір топ адам жалданған.

Қойма иесі деп танылған 33 жастағы Фам Тхи Тхань Нгок қамауға алынды. Ол мүшеқаптарды айына бір рет белгісіз адамнан алатындығын мәлімдеді. Оның міндеті қолданылған өнімді қайта сату мақсатында қайта өңдеу процесін құру болған және ол бұл тапсырманы ойдағыдай жүзеге асырып келіпті. Оның қоймасынан мүшеқаптар жақын маңдағы қонақ үйлерге, дүкендерге және дүңгіршектерге жеткізіліп отырылған.

Қойма
Фото: dailymail.co.uk

Мүшеқаптар дереу тәркіленді және олар қауіпті медициналық қалдықтар болып саналатындықтан, бірден жойылды.

Еске салсақ, бұған дейін біз жасыл жұмыртқа басып шыққан тауық жұртты таңырқатқанын жазған едік.

Одан бөлек, Анасын емханаға күнде арқалап апаратын ұлы мен оның әкесі көптің жүрегін елжіреткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1876562-pajdalanylgan-msekaptardy-zrtka-satyp-kelgen-alaaktar-kolga-tsti-foto/

pixel